Дүйсенбі, 25 қараша, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 19 568 бүлдіршін 1 сыныпқа барады

01.04.2022

890 0

Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Дәулеталиев мәлімдеді.

Жаңа 2022-2023 оқу жылында алдын-ала болжам бойынша 1 сыныпқа 19 568 оқушы қабылданады деп күтілуде. Олардың 17 582 – і қазақ, 1 986 – ы орыс тілінде. Ал 2021-2022 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 18 721 оқушы қабылданса, биылғы жылы бірінші сыныпқа келетін оқушылар саны – 847 – ге артқан.

«Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жаста болса, барлық бала қабылданады. Ал жасы толық 6 – ға толмаған балалардың олардың жасы 1 қыркүйектен кейін толатын болса, тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар», – деді Нұрлан Дәулеталиев.

Нұрлан Базарғалиұлының айтуынша, мектепке құжаттар «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде жіберіледі. Ережеге сәйкес 1 сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген 3 үміткер, содан кейін басқа аумақтан 1 үміткер қабылданады.

Айта кетейік, ата–аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулық паспорты, денсаулық жағдайы туралы №065/У нысандағы анықтама және 3*4 көлеміндегі 2 дана фотосурет тапсырады. Балаларды 1 – сыныпқа қабылдауға байланысты ешқандай емтихан тапсырудың қажеттілігі жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: