“Ауыл” партиясының бастамасымен Сыр өңірінде “Білімді ауыл” жобасы бастауын алды. Жобаның алғашқы қадамы облыстағы озық білім ордасы Mansap мектебі мен І.Қабылов атындағы №32 орта мектебі арасындағы екі жақты тәжірибе алмасумен басталды.

Мәдениет ауылының ұстаздары облыс орталығына келіп, Mansap мектебінде “Сингапур” әдісі бойынша 1 күн жаңа методикамен танысты. Аталған методика бойынша халықаралық деңгейде ғылыми жоба жұмысын жазу, оны қалай сәтті қорғау бойынша жаңа мағлұматтарға қанықты.
Сондай-ақ, “Халық ауыз әдебиеті”, “I spy at the beach”, “Шаршы және тіктөртбұрыш”, “Madison’s daily routine”, “ҰБТ-ға дайындаудағы тиімді стратегиялар” тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылып, қатысушыларға UNESCO-ның сертификаттары табысталды.
Айта кетейік, партияның ықпалымен басталған жоба Жалағаш ауданында жалғасын табатын болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!