Сәрсенбі, 27 қараша, 08:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті

20.09.2023

286 0

«Startup Joly» инкубациялық бағдарламасының алғашқы ағынын қорытындылау үшін «Demo Day» инновациялық жобалар байқауы ұйымдастырылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығы «Startup Jolу» инкубациялық бағдарламасы бойынша білім беру жұмыстарын 14 тамызда бастады. Бағдарламаға қатысу үшін 135 адам өтінім беріп,  бағдарламаның алғашқы легіне 57 жоба қабылданды. Инкубация қатысушылары менторлармен жеке жұмыс жасау  мүмкіндігіне ие болып, маңызды тақырыптар бойынша  тегін 16 семинарға қатысты.

«Startup Joly» – инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік бастамаларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің әртүрлі аспектілері, соның ішінде идея, маркетинг, сату және құқықтық мәселелер бойынша дағдыларды арттыруға бағытталған бағдарлама.

Бағдарламаға қатысқан 57 жоба іріктеуден өтіп, Demo Day-ге 26 жоба қатысты. Ұсынылған жобалардың қатарында QR көктас, VR-платформадағы киберспорт, ақылды тоңазытқыш, көмір күлінен бағалы металдарды алу және өндіру, органикалық косметика, Digital Oner Academy, Оpen garden тәрізді жобалар бар.

 Байқауда  Раушанбек Бейбарыс “Educopter” жобасы бойынша 500 мың теңге иеленді. Ал, “Dmenu” жобасын таныстырған Тұрсынбай Елдос пен Ахметов Бауыржанға 300 мың теңге  табысталды. Мұңайтбасова Жұлдызай мен   Тұрғанбай Раушан “ecoDabyl” жобасымен 200 мың теңге жүлдені қанжығаларына байлады.

“Demo Day жоғары деңгейде өтті. Көп адамдармен танысып, жаңа жобалар туралы ақпарат алдым. Қазір елімізде робототехника қарқынды дамуда және техникалық үйірмелер, мамандықтар ашылып жатыр. Оқушылар, студенттер дайын заттарды пайдаланбай, өз қолдарымен құралдар жасағанын қалаймын. Осы мақсатпен мен Demo Day-ге “Educopter” атты оқу-жаттығу дрон  жиынтығын әзірлеп әкелдім. Осы жиынтық арқылы кез келген адам өзінің алғашқы дронын құрастырып, бағдарламалай алады”, – деді І орын иегері Раушанбек Бейбарыс.  Жобалар сайысында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхамед Сыздықов, Қызылорда облысы әкімі аппараты

цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла, Қызылорда облысы кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Ерлан Райымов, Байқоңыр жобалық басқару департаментінің директоры Индира Сансызбайқызы, кәсіпкер, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы  Мұрат Смайлов, Байқоңыр ӘКК АҚ жобалық басқару департаментінің бас сарапшысы Олжабай Айдын, кәсіпкер, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы  Абай Шайнуров  және “Мансап” мектебінің директоры  София Абдуразакова қатысушылардың жобаларын бағалады.

“Қаржылай сыйлықтан бөлек бағдарламаны толық меңгерген үздік  қатысушыларға сертификат табыстадық. Жеңімпаздар сертификат арқылы “QazInnovations” инновациаларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі” және Astana Hub халықаралық технопаркінің гранттық бағдарламаларына қатыса алады, – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті кәсіпкерлік орталығының басшысы Жанарыс Алтынбекұлы.

Бас серіктестер: Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық  агенттігі, «Astana Hub» халықаралық технопаркі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. Серіктестер:  Қызылорда облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы».

Айта кетейік, Startup Jolу инкубациялық бағдарламасы жалғасады. Қыркүйек айының соңына дейін бағдарламаның екінші ағынымен жұмыс жасау басталады. Инновациялық жобаларды дамытуды қолға алған орталық қазан айында тағы Demo Day  ұйымдастырады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: