Жұма, 27 желтоқсан, 12:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мектеп формасын тігетін цехтардың саны артып келеді

18.08.2022

660 0

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Ата-аналар базар мен дүкен жағалап, оқушы балаларына мектеп формаларын алып әлек. Сәйкесінше, сұраныстың артуымен қатар баға мәселесі өзекті болып тұр. Осы тұста, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін көптеген жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынуда.

Атап айтқанда, «Далатекс» ЖШС, «Sapa-Ка» ЖШС, жеке кәсіпкер «Ас-Ка», «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» ҚБ мектеп формасын тігуде. Мәселен, «Ас-Ка» жеке кәсіпкері ер жігітке арналған костюм жинағын 12 000 тг, қыз балаларға арналған ақ жейде мен белдемшені 6000 теңгеге, ал «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі 1-3 сынып оқушыларына арналған мектеп формасын 6000 мың тг, ал 8 сыныптың ер және қыз балаларына 8000 мың теңгеден, «Sapa-Ка» ЖШС-і 1-3 сыныптың ер балаларына 7-8 мың теңгеден, ал қыздардың ақ жейдесі 3-4 мың тг, белдемше 4-5 мың теңге, сондай-ақ, «Далатекс» ЖШС-і 1-11 сыныптың оқушыларына 50 пайыз жеңілдекпен мектеп формасын 7000 мың теңгеден сатуда.

Айта кететін жайт, облыс көлемінде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында қала, аудан аумағында жәрмеңке ұйымдастырылуда. Аталған науқан тамыз айының соңына дейін жалғасын табады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: