Сенбі, 28 желтоқсан, 08:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Метеорология» тәжірибелік-зерттеу алаңы ашылды

31.05.2021

1577 0

«Серіктес директорлар» лигасы аясында №140 Абылайхан атындағы орта мектеп ғылыми-әлеуметтік жобаларға бағытталған мектеп ретінде жаңа жобаларды жандандыратын болады. Білім ұясы оқушылар мен мұғалімдер үшін венчурлік әдісті енгізіп, инвестиция тарту жұмыстарын бастап кетті.

Мектеп «Жасыл ғаламшар» кіші жобасы аясында мектеп ауласынан «Green study» жылыжай ғылыми-зерттеу оқу орталығын іске қосты. Аумағы 200 шаршы метрді құрайтын жылыжайда қызанақ, қияр, шалқан өсіріледі.
Венчурлық қадамнан түскен қаржыға мектеп әкімшілігі «Метеорология» тәжірибелік-зерттеу алаңын ашты. Мұнда оқушылар ғылыми бағыттағы ізденістерін дамытып, университет ғалымдарымен бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мұнан бөлек, мектепте «Global eco» жобасы қолға алынған. Мұнда оқушылар мен ұстаздардың бірлесіп экологиялық таза бұйымдардан көрме ұйымдастырды.

Мектептегі жаңа бастамалардың таныстырылымына қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова әрбір жобаның маңызды екенін атап өтіп, оқушылардың ғылыми ізденіске бет бұруына ерекше мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетейік, ғылыми-әлеуметтік жобаларды қолға алған №140 мектептің тәжірибесі өзге мектептерге таратылады. Бұл ретте университет ғалымдарымен арнайы жоспар бекітілетін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: