Жексенбі, 24 қараша, 00:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада оқу жылының басталуына аз қалса да шатыры ұшып кеткен мектепке жөндеу жүргізілмеген

16.08.2023

476 0

Қызылордадағы Тасбөгет кентінде шатыры ұшып кеткен екі мектепте әлі күнге құрылыс жұмыстары басталмаған. Тұрғындардың сөзінше, қазір төбеде қалған жабын қатты жел соқса құлап кетуі мүмкін. Ата-аналар шенділердің жайбасарлығының кесірінен балалар қауіпті мектепте оқиды дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тасбөгет кентіндегі №257 мектептептің шатыры 2 ай бұрын қатты жел кезінде ұшып кеткен.  Бірақ ғимараттың жабыны содан бері тұр екен. Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалса да, жөндеу жұмыстары басталмаған. 

Ал шенеуніктер 2 ай бойы бюджеттен қаражат бөлінгенін күткендерін мәлімдеді. Айтуларынша, қазір мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.

“Қайткен жағдайда да оқушылар өміріне қауіп төнбейтін жерде оқуы үшін жұмыстар жасалады. Алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданады”, – деді Қызылорда қалалық білім бөлімінің бас маманы Қанат Әбдіқадыров. 

Екі мектептің шатырын жөндейтін құрылыс компаниялары әлі де анықталмаған. Сөйте тұра білім ұяларының басшылары 1-қыркүйекке дейін ғимараттың кем-кетігін қалыпқа келтіруге уәде берді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: