Дүйсенбі, 19 мамыр, 13:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36,2149
17.05.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада соңғы қоңырау кешіне ақша жинауға қатаң тыйым салынды

18.05.2025

55 0

Фото: Н.Нұржаубай

Қызылорда облысында биылғы оқу жылы 23 мамыр күні «Білімім — Отаныма» атты бірыңғай сынып сағатымен қорытындыланады деп хабарлайды kazinform ақпарат агенттігі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, сол күні сағат 9-да барлық мектепте бітірушілерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара өтеді. Оны мектепте қарапайым форматта өткізу міндет. 

— Ата-аналар мен оқушылардан, мұғалімдерден мектеп бітіруге байланысты ақша жинауға қатаң тыйым салынды. Салтанатты кештерді мейрамханаларда өткізуге, кортеж ұйымдастыруға жол берілмейді. Бұл шаралар оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртіпті сақтау үшін қабылданған. Мектеп бітіру шараларында балалардың өмір қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары медициналық қызмет, өрт сөндіру, ішкі істер органдарымен бірге кезекшілік пен алдын алу шараларын ұйымдастыруы қажет, — деді басқарма басшысы Асқарбек Есжанов.

9-сыныптардың қорытынды емтиханы 29 мамыр-10 маусым, ал 11-сыныптардікі 30 мамыр-16 маусым аралығында өтеді. Емтихан кезінде де оқушылар мен ата-аналардан мұғалімдерге сыйлық жасау немесе дастархан жаюға тыйым салынады.

5-8 және 10-сыныптарда оқитын 80 мыңға жуық оқушы қазақ тілі пәнінен қорытынды емтиханды 26-29 мамыр аралығында тапсырмақ. «Алтын белгіге» үміткерлер 4, 9 маусым күндері жазбаша емтихан тапсырады. Бұл емтихандарды облыстық комиссия бақылайды.

Жуырда ҚР Халықаралық бағдарламалар орталығы Грузияның жоғары оқу орындарына оқуға құжаттар қабылданатынын хабарлағанын жазғанбыз. Өтінім 26 мамырға дейін қабылданады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: