Домбыра – қазақ халқының қастерлі ұлттық музыкалық аспабы. Бабаларымыздан мирас болып қалған домбыраның тарихи тамыры ғасырларға ұласады. Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының бойтұмары.
Бүгін сағат 12:00-де еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық челленджін бір мезетте орындады. Оның ішінде Қызылорда қаласының мектептерінде де оқушылар бір мезетте «Тепең көк», «Адай», «Балбырауын», «Келіншек» күйлерін орындап, көрерменге жолдады.
«Домбырашылар» челленджі– балалар мен жастардың, ұстаздар мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны насихаттау болып табылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!