Жұма, 27 желтоқсан, 05:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы мектептер жапондық жобаның игілігін көруде

18.04.2024

541 0

Жапонияның «Шөп тамыры» бағдарламасы арқылы аймағымыздағы әлеуметтік нысандардың жұмысы жанданып жатыр. Соның бірі – Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі осыдан екі жыл бұрын «Мектепті автобуспен жабдықтау» атты жоба бойынша грант ұтып алған болатын.

Бағдарламаның шарапатын көріп отырған мектеп ұжымымен Жапон елінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джун Ямада, Жапон елшілігінің Атташесі Шимон Комия, «Шөп тамыры» бағдарламасының үйлестірушілері Ютаро Икэноуэ мен Алия Чингишпаевалар келді. Шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бердаулетов Бағдат Камбозұлы мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Сабалақ», «Эдельвейс мекенжайларынан 630 бала қатынап оқитын мектепке тасымал қиынға түскен еді. Жоба бойынша қаржылай көмек алған мектеп, бүгінде саяжайларға 4 автобус балалар үшін қызмет жасауда.

Шара барысында мектеп директоры Бек Сұлтанбекұлы «Сіздердің әлеуметтік жобаларға арналған көмектеріңіз білім саласына ғана емес, басқа да салалардың дамуына үлкен көмек. Әрине, бұл – маңызды жұмыс. Екі ел арасындағы қарым-қатынас бауырмалдыққа негізделген», деп өзі алғысын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: