Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы NIS оқушылары ардагерлерге құрмет көрсетті

11.05.2023

590 0

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп қауымдастығы аймақтағы ҰОС ардагерлерінің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.
Бүгінде Қызылорда облысында көзі тірі небәрі 6 соғыс ардагері қалды. Соның бірі — Төлеген Жүнісов. Майдан даласында атқыштар полкінде шайқасып, оқ пен оттың арасынан аман қалған қаhaрманмен тілдесу — оқушылар үшін тарихи ұмытылмас сәт болды. Жас зияткерлер ардагерге өз алғыстарын білдіріп,сый-құрмет жасады.
– Осындай бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін ардагерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Отан қорғаушылардың ерліктері мәңгілік есте қалады. Және ұрпақтан ұрпаққа үлгі-өнеге болып жалғаса береді. Батырларымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз, — деп тілегін жеткізді 9 «В» сыныбының оқушысы Айым Тәуекел.
Отты жылдардың бел ортасында болып, соғысты басынан өткерген тағы бір тарихи тұлға – Әбдірахман Байтиков. Курск түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болған майдангерге оқушылар шапан жауып, мектеп директорының Алғыс хатын жеткізді.
«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында мектеп қауымдастығы аймақтағы барлық ардагерлердің шаңырағына барып, сый-құрмет көрсетті. Өз кезегінде майдангерлер ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.

Қызылордадағы NIS оқушылары ардагерлерге құрмет көрсетті
Қызылордадағы NIS оқушылары ардагерлерге құрмет көрсетті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: