Сәрсенбі, 15 қазан, 14:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Қызылордадағы NIS – оқырмандар сайысының жеңімпазы

15.10.2025

54 0

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде «NIS, бірге оқиық!» жобасы аясында өткен Марат Қабанбаевтың «Бауыр» шығармасы бойынша желілік зияткерлік сайыста Сыр өңіріндегі NIS командаcы І орынға ие болды.

Зияткерлік додаға Астана, Өскемен, Павлодар, Түркістан және Қызылорда қалаларының 7-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Олар әдеби шығарма туралы білімдерін көрсетіп, логикалық ойлау, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін түрлі кезеңдер арқылы сынады.

Қызылордалық команда (ата-аналар – Жанат Раимқұлова, Марал Алмабаева, Мая Мұхиддинова, Меруерт Садықова, Нұрсұлтан Қайназаров және оқушылар – Айару Сайлауова, Тамирис Шағанбекова, Айзере Қуанышбай, Кәусар Нұрадин, Абылай Тойбазар) мектеп намысын абыроймен қорғап, үздік атанды.

«NIS,бірге оқиық!» жобасы оқушылар мен олардың отбасылары арасында кітап оқуды насихаттауға, қазақстандық әдебиетке қызығушылықты арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: