Сейсенбі, 07 сәуiр, 15:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Қызылордадағы NIS-те Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілді

07.04.2026

34 0

Фото: Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.

Таңертең мектеп ауласында сергіту жаттығулары ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушыларды, педагогтер мен мектеп қызметкерлерін түрлі спорттық белсенділіктермен қарсы алды. Қатысушылар доппен жүгіру, секіртпемен секіру, ләңгі ойнау, «футбол жүрісі» сынды қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, бой сергітті.

Қызылордадағы NIS-те Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілді

Күннің екінші бөлігінде оқушылар кезең-кезеңімен футбол алаңына жиналып, флешмоб арқылы салауатты өмір салтын насихаттады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, тұрақты түрде дене белсенділігімен айналысудың маңыздылығын еске салады.

«Мектеп болып бірлесе қозғалу – ерекше энергия беріп, белсенді өмір салтын ұстануға ынталандырады. Денсаулық – ең басты байлығымыз, оны сақтау күнделікті қарапайым әдеттерден басталады», – дейді оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының спорт министрі Ару Махамбетова.

Қызылордадағы NIS-те Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: