Қарағанды мен Қостанай қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары төрт – I орын, үш – II орын және үш – ІІІ орын иеленді.
Нұрсила Әмірбекқызының «Қоғамдағы гендерлік теңдесіздік мәселесін шешуде әйелдер қауымының қауіпсіздігін орнату», Сырсұңқар Базарбайұлының «Заманауи қоғамда дәстүрлі жыр өнерін жаңғырту жолдары», Уалихан Байсбаевтың «Қызылорданың тілдік ландшатының лингвомәдениеттану картасы», Дара Сақтапберген мен Надира Атымтайдың «RauSat-2 наноспутник құрылғысы» жобалары үздік деп танылды.
Балнұр Жақсыбай мен Нұрдаулет Әділбектің тіл үйренуге арналған «Oqiga Simulator» мобильді қосымшасы, Еламан Мырзаханның PM2.5 бөлшектердің адам денсаулығына әсерін зерттеуге арналған «Project Dabyl» құрылғысы және Аружан Мырзабекова мен Алина Палымбетованың маркетинг саласының бизнестегі рөлі туралы жүргізген зерттеу жұмыстары екінші орынға лайықты деп танылды.
Ал Гүлім Болатқызы мен Ерасыл Айдарбек зерттеген «Ақпаратты алыс қашықтыққа жіберу үшін лазер сәулесін пайдалану», Әділхан Жантурин мен Аяжан Төребек ойлап тапқан «Инсульттан адамдардың оңалтуына арналған тренажер», Бейбарыс Сұлтанғазы мен Темирлан Батыровтың – «Arduinoда жасалған ЭМГ сенсоры бар бионикалық протез» үздік үштіктің қатарына енді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!