Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 23:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық студенттер UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша жобаға қатыспақ

02.07.2021

1659 0

Университет ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы Юнисефтің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизенмен кездесті. Кездесу барысында 85 жылдық тарихы бар университеттің тыныс-тіршілігі, алға қойған мақсат-міндеттері туралы таныстырылды.

          Юнисеф ұйымы 75 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс жасайды. Ұйымның 190 елінде өкілдігі бар. 6 млрд доллар қаржысы бар ұйым Қазақстандағы балалардың өмірін жақсарту мақсатында әр өңірді аралап, зерттеу жүргізуде. Артур Ван Дизен әлеуметтік саясат саласында, қолданбалы әлеуметтік зерттеулерде, мониторинг пен бағалауда және бағдарламаларды басқаруда 25 жылдан астам тәжірибесі бар.

Қызылордалық студенттер UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша жобаға қатыспақ

          Іскерлік кездесу көптеген жобалардың жүзеге асуына себепші болды. Мәселен университет алдағы уақытта ЮНИСЕФ ұйымымен бірлесе отырып, бірнеше жобаны жүзеге асырмақ.

Артур ван Дизен, Юнисефтің Қазақстандағы өкілі:

«Біз экология, қоршаған орта және оның балаға әсері туралы әңгімелестік. БҰҰ-ның өте ауқымды «Еріктілер» атты бағдарламасы бар. ЮНИСЕФ Қазақстанда 9 000-нан аса волонтермен жұмыс жасайды. 2020 жылы Қазақстандағы балалар мен қауымдастықтарды қолдау үшін волонтерлар ретінде жастарды тарту бойынша өзінің алғашқы бағдарламасын бастады. Алдағы уақытта Қорқыт ата атындығы Қызылорда университетінің студенттерін бағдарламаға қосуға ұсыныс айттым. Университет мұражайын аралап, қосымша мәлімет алдым. Қызылорданың Астана болғанын, Арал теңізінің ғасырлар бойы өзгеріске ұшырай отырып, сақталу бағытындағы тарихи деректермен таныстым. Білім-ғылым саласы өзіме жақын болғандықтан университет тарихымен танысу мен үшін маңызды болды.»

Қызылордалық студенттер UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша жобаға қатыспақ

ЮНИСЕФ үшін инновация, жас адамдардың дағдыларын дамыту мен гендерлік теңдікті ілгерілету аса маңызды. Осы орайда UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша қыздарға арналған білім беру бағдарламасына университеттің  ғылым, технология, математика, инженерия, бағыттарында білім алатын студенттерді қатыстыру жоспарлануда. Сонымен қатар, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу бағытында да бірқатар жобалар талқыланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: