Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Медина Нарманова Америкадағы екі университетте білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Атап айтқанда, жас зияткер әлемдегі топ ЖОО қатарына енетін — Алабама Университетінің президенті тағайындаған 100 % оқу грантын иеленді.
Сондай-ақ, Иллинойс Институты де түлегімізге 50 % оқу гранты мен стипендия беруге дайын екендіктерін жеткізді. Бұл қос білім ордасында «Бизнес менеджмент» мамандығы бойынша оқуға құжат тапсырған Медина алдағы уақытта тағы 5 жерден жауап күтіп отыр екен.
Айта кетейік, биыл мектептен 95 оқушы түлеп ұшқалы отыр. Бүгінде олар қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының конкурстық іріктеуіне құжат тапсырып, бақтарын сынауда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!