Сәрсенбі, 04 ақпан, 13:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Қызылордалық зияткердің инновациялық қосымшасы «Зерде» республикалық байқауында үздік деп танылды

04.02.2026

47 0

Фото: NIS

Қызылордадағы NIS оқушысы Даниал Шакизада «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында І орынға ие болды.

Қызылордалық зияткердің инновациялық қосымшасы «Зерде» республикалық байқауында үздік деп танылды

Даниал информатика, робототехника және STEM-инженерия секциясында өнер көрсетіп, CodeQuest мобильді оқыту қосымшасын таныстырды. Бұл жоба оқушылардың бағдарламалау бойынша базалық дағдыларын қалыптастырады және геймификация элементтері арқылы оқу үдерісін қызықты әрі интерактивті етеді.

Қызылордалық зияткердің инновациялық қосымшасы «Зерде» республикалық байқауында үздік деп танылды

Жоба жетекшілері Разия Баймурзаева мен Гүлфайруз Базарбаевамен бірлесе Даниал қосымшаға оқу материалдарын, практикалық тапсырмалар, тесттер, квест-картасы мен шағын ойындар енгізген. Алғашқы болып сыныптастары іс-тәжірибеден өткізіп, қосымшаның функционалдық мүмкіндіктері мен практикалық пайдасын жоғары бағалады.

Алдағы уақытта жас өнертапқыш тапсырмаларды күрделендіріп, челлендж форматындағы жарыс элементтерін енгізуді, сондай-ақ қосымшаны iOS және Android платформаларында қолжетімді етуді жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: