Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық зияткерлер фотошебер сертификатына ие болды

09.06.2021

1364 0

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен «National Geographic» ұйымдарының бастамасымен ұйымдастырылған Photo camp жобасына сырбойылық Даяна Хегай мен Нұрай Ғабит белсенді қатысып, фотошеберліктерін растайтын арнайы сертификаттарға ие болды.

Қызылордалық зияткерлер фотошебер сертификатына ие болды

Алматыдағы химия-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектеп базасында өткізілген фотоөнерден элективті курсқа еліміздің түпкір-түпкірінен 70-ке жуық оқушы мен жетекшілері қатысты. 5 күн бойы қатысушылар әлемнің әрбір 8 адамы оқитын әйгілі National Geographic журналының танымал фотографтарынан білім алып, тәжірибе жинақтады.

Кейіпкердің эмоциясын, ішкі жан-дүниесін сезінгенде ғана үздік фотосурет түсіруге болады. Бұл National Geographic-тің фотошебері Гердт Людвигтің басты лайфхактарының бірі. Кәсіби маманмен өткен сабақтарда қатысушылар фотоөнердің техникалық компоненттерін талқылап, сапалы сурет жасаудағы негізгі заңдылықтарын меңгерді:

Қызылордалық зияткерлер фотошебер сертификатына ие болды

– Бастапқыда мен политология және неміс әдебиеті мамандығы бойынша білім алдым. Бірақ кейін фото әлемі мені ерекше қызықтырып, осы іспен кәсіби тұрғыда айналысуыма түрткі болды. Жақсы әрі әдемі фотосуреттер адамның жүрегіне жетіп, адамға әсерлі эмоция қалдырады. Мен сурет арқылы көріністен алған өзімнің әсерімді және өзгелердің эмоциясын жеткізіп отыруды мақсат етемін, – деді Герд Людвиг.

Курс қатысушыларының шығармашылығын кешкі бағдарлама аша түсті. Күнделікті әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар теориялық білімдерін практикумдарда жетілдіріп, жеке портфолиоларын жаңа туындылармен толықтыра алды. Photo camp курсында National Geographic Қазақстандағы өкілдігінің кәсіби фотомамандары да сабақ жүргізді. Фотошеберлер көркем фотосуреттің құпияларын ашып, фото жанрлары мен композициясы, жарық және жарықты қолдану рөлін, фотосуреттерді арнайы бағдарламаларда өңдеу бойынша шебер-сыныптар жүргізді.

– Бұл сабақтар мені қатты шабыттандырды. Фото түсіру барысында тәжірибе жасай білуді үйрендік. Әрбір фотода белгілі тарих сипатталуы өте маңызды, – дейді қызылордалық зияткер Нұрай Ғабит.

National Geographic – география, табиғат, тарих, ғылым және мәдениет туралы ғылыми мақалалары мен сапалы фотосуреттермен ерекшеленетін бренд журнал. Элективті курс барысында қатысушылар фото түсірудің қыр-сырымен танысып қана қоймай, фотоөнер арқылы әлемдік мәселелерге назар аударып, ғылыми зерттеушілік дағдыларын арттыра алды.

– Бұл Зияткерлік мектептермен бірлескен алғашқы жоба. Курс бағдарламасы фотоөнермен байланысты көптеген тақырыптарды қамтиды. Photo camp қатысушылары алған білімдерін алдағы уақытта тиімді пайдаланып, өзге оқушылармен бөліседі деп сенеміз, – дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: