Бейсенбі, 06 қараша, 16:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Сабақта телефон қолданған оқушы үшін ата-анасы айыппұл төлейді

06.11.2025

55 0

Фото: Артём Чурсинов - архив

Сенат кулуарында Оқу-ағарту бірінші вицеминистрі Майра Мелдебекова мектеп оқушыларының сабақ үстінде телефон пайдалануына қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, “Білім туралы” заңда оқу процесі кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынған. Бұл норма заңмен бекітілген және оны бұзған жағдайда ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Жалпы, заңда сабақ үстінде телефон қолдануға болмайтыны нақты көрсетілген. Егер мұндай жағдайлар тіркелсе, ата-аналарға айыппұл салу қарастырылған. Бұл мәселе заңнамада толық қамтылған, – деді Майра Мелдебекова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында мұндай заң бұзушылықтар тіркелмеген. Дегенмен, егер тәртіп бұзу фактілері анықталса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы бойынша шара қолданылады.

Егер бірінші рет анықталса, ескерту беріледі. Ал қайталанған жағдайда ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады, – деп түсіндірді вице-министр.

Айыппұл көлемі 5 АЕК-ке дейін, яғни 18 460 теңгеге дейін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: