Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сапалы маман дайындау – басты міндет

19.11.2022

946 0

Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде «Жұмыс беруші күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау және сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен тиімді іс-қимыл жасау болып табылады.

Дөңгелек үстел еңбек нарығында сұранысқа ие жас маманның бір­ыңғай портретін қалыптастыруда әлеуетті жұмыс берушілермен конструктивті ынтымақтастық ны­­сандарын іздеу; жұмыс беруші­лердің кәсіби талаптарына сәй­кес келетін бітіруші модельін құру; түлектерді жұмыс берушілер тарапынан жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу; алар мамандығының әлеуметтік мәнін түсінуге жағдай жасау, оған тұрақты қызығушылық таныту, кәсіби қызметке дайындау тақырыптарында өрбіді.

Дөңгелек үстелге бүгінгі таңда мамандықтары бойынша қызмет атқарып жатқан колледж түлектері «Сыр жиһазы» ЖШС мекемесінің бас маманы Махмут Қасиет, «Халық жиһазы» ЖШС мекемесінің жұмысшы маманы Жүсіп Асылхан қатысты.

Сонымен қатар колледж үшін артықшылықтар, кәсіптік практиканы өткізуге арналған кәсіпорын базасы, инновациялық технологияларға жылдам әрекет ету және де жұмыс берушінің студенттердің білімін бағалау мәселесі де назарға алынды. Жиын барысында жұмыс беруші мекемемен колледж арасында алдағы уақытта кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсаты көзделді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: