Жексенбі, 29 желтоқсан, 00:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет меншігіне өтті

14.06.2024

238 0

Сурет:massaget.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші әйелі Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет меншігіне өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізіміне енді.

Үкімет қаулысында Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет меншігіне өткені туралы жарияланды.

Бұл институт кейінгі 2 жылда жұмыс бағытын өзгертіп, ребрендинг жасаған еді. «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» енді «Өркен»  балалар саламаты ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты» деп жарияланды.

«Бұл институт 2021 жылы Сара Назарбаева негізін қалаған «Бөбек» қорының жанынан ашылған еді. Институттың негізгі миссиясы «Өзін-өзі тану»» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы арқылы елдің адами әлеуетін дамытуға үлес қосу болды. Ал Қазақстанда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы 2022 жылы заң жүзінде өз жұмысын тоқтатты», – деп жазылған хабарламада.

Енді «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге көмектесумен айналысады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: