Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің (SeoulTech) студенттерімен халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы басталды.
Бағдарлама барысында екі елдің студенттері білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, ғылыми-зерттеу және инновациялық бағыттар бойынша пікір алмасуда.
Шетелдік қонақтар университеттің материалдық-техникалық базасымен және оқу-тәжірибелік орталықтарымен танысып, қазақ жастарының өнері мен ізденістерін жоғары бағалады.
Сондай-ақ кореялық студенттер ұлттық мәдениетін таныстыру мақсатында бисер бұйымдарын жасау және K-pop биін үйрету бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Мұндай шаралар жастарға жаңа дағдыларды меңгеруге, сонымен қатар корей мәдениетімен жақынырақ танысуға жол ашты.
Сонымен қатар, меймандар үшін Қызылорданың тарихы мен мәдениетін таныстыратын арнайы бағдарлама ұйымдастырылды. Өз кезегінде университетіміздің студенттері де жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, корей мәдениеті мен оқу ерекшеліктерін танып-білуде.
Халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, достық қарым-қатынасты нығайтып, мәдениеттер арасындағы байланыстарды кеңейтеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!