Сейсенбі, 24 желтоқсан, 04:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Сергектік және денсаулық – 2023» спартакиадасы мәресіне жетті

13.01.2023

684 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Сергектік және денсаулық – 2023» атты спартакиада өтті.  Спорттық шараға білім ордасындағы 300-ден астам профессор-оқытушы мен қызметкер қатысты.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спартакиада «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде 5-13 қаңтар  аралығында ұйымдастырылды. Сайыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқытушылар мен қызметкерлердің спорттық шеберлігін арттыру.

Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова қатысты.

– Дәстүрлі түрде университетте өтетін спартакиада ұжымдағы бірлік пен ынтымақтың нығаюына, бұқаралық спорттың дамуына ықпал етеді. Бұл сайыс сіздердің серпіліс алып, күш-қуат жинауларыңызға, спортқа деген құлшыныстарыңыздың артуына септігін тигізді деген сенімдемін. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

 Айта кету керек, қатысушылар шахмат, үстел теннисі, жүзу, пневматикалық мылтық ату, тоғызқұмалақ, волейбол, футзал, арқан тарту ойындарынан сынға түсті.

«Сергектік және денсаулық – 2023» спартакиаданың жалпыкомандалық нәтижесі бойынша І орынды Инженерлі-технологиялық институты, ІІ орынды Жаратылыстану институты, ІІІ орынды Педагогика және дәстүрлі өнер институты иеленді.

Жеңімпаздарға университеттің кәсіподақ комитеті тарапынан арнайы кубок, дипломдар мен сыйақы табысталып, үздік ойыншылар марапатталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: