Жұма, 27 желтоқсан, 02:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Серік Асылбекұлының шығармасы талданды

22.10.2021

785 0

Жуырда А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана қызметкерлері «Абылайхан» атындағы № 140 орта мектептің 10 сынып оқушылары арасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Асылбекұлының «Рәбиғаның махаббаты» атты повесін талдап, қызығып оқыған повесі жайлы өз ойларымен бөлісті.

Шараның басты мақсаты сол оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, шығармашылыққа баулу. Кітаптағы оқиға желісі мен жас буынның қазіргі өмірі жайында көзқарастары мен ойларын ортаға салу.

Бұл басқосуда автордың «Рәбиғаның махаббаты» атты повесіндегі мектеп партасынан басталатын коммунистік үгіт-насихат пен идеологияның советтік дәуірде мұғалімдердің сана-сезімдеріне мықтап орныққаны, оның жас ұрпақты тәрбиелеуде бүгінге дейін өз үстемдігін жоя қоймағаны жайында сөз болды. Повесте махаббат деп аталатын тылсым сезіммен алғаш рет ұшырасқан мектеп оқушысы жасөспірім Рәбиғаның үлкендер әлеміне аяқ басқан сәттердегі басынан кешкендері және оны қазіргі тәрбие, білім беру жүйесінің қалай қабыл алғаны әңгімеленді.

Кітапханашы повес жайлы кіріспе сөз алып, шығармаға кеңінен тоқталып өтсе, ал оқушылар – Дана Қадыр, Қанат Нұрланұлы Рәбиғаның досы Айжанның бейнесіне, сынып жетекшісі Ұлықпан мен Мадыриттің,  математика мұғалімі Роза жайлы өз ойларын Салтанат Маманова мен Махаббат Бегман айта кетіп, өскелең ұрпақты кітап оқуға шақырды.

Данагүл ТӨЛЕНДИЕВА,

А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана қызметкері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: