Дүйсенбі, 21 сәуiр, 23:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

Сеултех Президенті болашақ инженерлер мен IT-мамандарға дәріс оқыды

21.04.2025

108 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің (SeoulTech) Президенті, профессор Дон Хван Ким бастаған делегация ресми сапармен келді.

Сапардың барысында профессор Дон Хван Ким Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының студенттеріне  «Кореядағы IT-трендер» тақырыбында ашық дәріс оқыды.

Айта кету керек, SeoulTech университеті жасанды интеллект (AI) саласы бойынша Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Сондықтан бұл дәріс болашақ инженерлер мен IT-мамандар үшін жаңа ақпараттар алуға мүмкіндік пен таптырмас тәжірибе алаңы болды.

 Профессор Кореядағы заманауи технологиялар, цифрлық трансформация және IT саласындағы жаһандық үрдістер туралы ақпараттармен бөлісті. Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Сонымен қатар, кездесуде бірлескен ғылыми жұмыстарды және жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамыту, профессор-оқытушылар мен студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы айтылды.

Қазіргі таңда, Жасанды интеллект институтында SeoulTech университетімен бірлескен төрт білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатыр. Аталған бағдарламалар аясында 100 студент мемлекеттік білім гранты негізінде білім алуда. Бұл – Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы ғылыми-білім беру саласындағы тиімді және стратегиялық серіктестіктің айқын көрсеткіші.

Айта кетейік, 2023 жылы осыған орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Жасанды интеллект институты ашылды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш ЖОО базасында жасанды интеллект саласында кадр даярлау және осы салада зерттеу жүргізетін орталықтар ашу жөніндегі тапсырмасы шеңберіндегі бастамалардың жүзеге асқанының көрінісі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: