Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өткен есепті кездесуде шетелдік қандастарға 19 білім гранты табысталды.
Бүгінде оқу ордасында Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген 46 шетелдік студент білім алуда.
“Қорқыт Ата университетінде тегін білім алуға мүмкіндік алғаныма шын жүректен қуаныштымын және ризашылығымды білдіремін. Шетелде жүрген қандастар үшін бұл тарихи отанына келіп білім алу үлкен арман. Осы білім ордасында өз ана тілімде білім алу – мен үшін үлкен мәртебе әрі ерекше қуаныш”, -деді Ардақ Сандуғаш.
Айта кетейік, оқу ордасында жыл сайын білім алушылар саны артып келеді. Қазір университетте жалпы контингент саны 10 512 білім алушыны құрайды. Оның ішінде 4 905 студент мемлекеттік білім гранты бойынша оқиды. Биыл тұңғыш рет еліміздің өзге өңірлерінен 151 мектеп түлегі 1-курсқа қабылданды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!