Сенбі, 23 қараша, 05:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Шығармашыл ұстаздар бәйгесі

18.01.2022

699 0

Осы жылдың 2-5 қаңтар аралығында «Жаңақорған» шипажайында шы­ғармашыл ұстаздардың облыстық «Тәжірибе алаңы – 2022» өткізілді.

Облыстық тәжірибе алаңына Қызылорда қаласынан 9 мұғалім қа­тысты. Төрт күнге созылған білім бәсекесі мен мәдени-спорттық ша­раларда ұстаздарымыз оқ бойы озық екендерін көрсетті. Атап айт­сақ, «Үздік тренинг – 2022» кәсіби байқауында №222 және №261 мектептердің математика пәні мұғалімдері Әлия Қожантова мен Ақтолқын Ахметова І орын­дарды иеленсе, озық идеялар аукцио­нында №3 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Әбу Асқар өзінің тың идеясымен ерекшеленіп, жеңімпаз болды.

Сондай-ақ спорттық шараларда, үстел теннисінен №261 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуаныш Оспанов ІІ орын, шахмат­тан Абай мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нұрдос Ережепов ІІ орын, кіші футболдан ер мұға­лім­дерден құралған команда ІІІ орынды иеленді.

Шығармашыл ұстаздарымыз мә­дени шаралардың да үздігі бола білді. Жайдарман командалық әзіл-қалжың сайысында ұстаздарымыз І орыннан көрінсе, қазақтың төл өнері айтыста №101 мектептің орыс тілі пәні мұғалімі, ақын Мөлдір Айтбай шиелілік ұстазына жол беріп, ІІ орынға ие болды.

«Жалпы білім беру ұйымда­рын­дағы педагог қызметкерлер­дің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақы­рыбындағы ғылыми-практи­калық конференцияда №198 орта мектептің математика-информа­тика пәнінің мұғалімі Айдана Жауғашарова баяндама оқып, кон­ференцияға белсенді қатысты.

ӨРЛЕУ БАҰО тренерлері Ж.Жұбауова мен М.Смағұлованың өткізген шеберлік сыныбына қа­тысқан Абай мектебі директоры­ның бейінді ісі жөніндегі орын­басары Бақберген Әбілқасым мен №198 мектептің математика-информатика пәндерінің мұғалімі Айдана Жауғашарова үздік жұ­мыстары үшін «Құрмет» гра­моталармен марапатталды.

Шығармашыл ұстаздардың XIX ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНДА қалалық білім бөлімі әдіскері Нұрқанат Амантаевтың жетекшілігімен қа­тысқан ұстаздарымыз осылайша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Үздік әдістемелік жұмыстары үшін Нұрқанат Амантаев «Құр­мет» грамотасын иеленсе, шара­ның жүргізушілік тізгінін ұстап, кәсіби шеберлігін көрсете білген білім бөлімінің әдіскері Бағлан Қалиев да тәжірибе алаңының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін тәжірибе алаңы талай ұстаздың шығармашылығын шыңдап, да­мытуына жол ашты. Солардың бірі, биылғы шараның сарапшысы №261 мектеп директорының ғы­лыми-әдістемелік жөніндегі орын­басары, педагог-шебер Гүлнұр Алиасқарова да белсенді атқарған жұмыстары үшін «Құрмет» гра­мотасымен марапатталды.

Республика бойынша тек Қы­зылорда облысында өткізіле­тін бұл шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызмет­керлердің біліктілігін арттыру институты және Облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіп­одақ комитетінің ұйымдасты­р­ғанын айта кеткен жөн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: