Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 25 қазан – Республика күніне орай Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен «Smart City Kyzylorda Hackathon 2024» IT жобалар хакатоны өтті.
Биыл бесінші рет өткізілген байқауға 330 қатысушы, 98 жоба тіркелді. Байқауға қала жастарымен қатар аудан жастары да белсенді қатысты.
Жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңге және 3 білім грантын құрады. Байқау қорытындысы бойынша әр секциядан 3 команда жеңіске лайық деп танылды.
Байқаудың басты мақсаты – стартап жобаларды, цифрлы шешімдер мен талантты мамандарды іздеу. «Smart city» эталондық стандарты аясында ақпараттық технологиялар, инновациялық жобалар саласына жастардың қызығушылығын арттыру және дамыту.
«Smart City Kyzylorda Hackathon» – «Әзірлеу», «Модельдеу», «Әлеуметтік және цифрлы медиа» бағыттары бойынша жобаларды әзірлеуді қарастырды.
Бұл іс-шара жаңа перспективалы инновациялық IT жобаларды анықтауға, өз идеясын жүзеге асыруға, ресурстарды, инвесторларды табуға, жобаны көпшілікке ұсынуға мүмкіндік береді.
Байқауда үздік жобаларымен алға шыққан жастарды Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров марапаттады.
Нәтижесінде «Модельдеу» секциясы бойынша «OMNI EYE» жобасын ұсынған Мұқағали Жантүгелге, «Медиа&Білім» секциясының қорытындысы бойынша «LMS курс» жобасымен Мырзабек Еркебұлан мен Серік Әділге, «Әзірлеу» секциясынан Садибеков Ербол «AIDOS» жобасымен жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Ректор гранты № 264 мектеп оқушысы Сейдалы Елжанға, Qstem мектебінің оқушысы Дүйсенбай Аделя мен Берік Әсемге табысталды.
Әр жеңімпазға 1 орын – 250 000 теңге, 2 орын – 150 000 теңге, 3 орын – 100 000 теңге сертификаттары табысталды. Сонымен қатар, біршама қатысушылар ұйымдастырушылар мен әділқазы мүшелері ұсынған сыйлықтарға ие болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!