Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 08:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Соңғы қоңырауға тек 11 және 9 сынып оқушылары қатысады

14.05.2021

2518 0

 Биыл «Соңғы қоңырау» кешіне тек мектеп бітіруші 11 және 9 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.

«Соңғы қоңырау» салтанатты шарасын өткізудің арнайы ережесі бекітілді. Әр сынып оқушыларының шарасы бөлек жүргізіледі. Егер мектепте 2-3 сынып немесе оданда көп болған жағдайда кезекпен өткізіледі.

«Соңғы қоңырау шарасы мектеп ауласында, қарапайым түрде өтеді. Шараны өткізу барысында әлеуметтік ара-қашықтық 1,5-2 метр аралығы сақталады. Оған қоса оқушылардың барлығы медициналық маскамен келуі тиіс», – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Ал, мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру шарасы «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбымен жылдағыдай 12 маусым күні өтеді. Шараға түлектердің мектеп формасымен қатысуы талап етіледі. Айта кетейік, оқушылардың мектеп бітіру кешін үйде, жалдамалы үйде, кафе-ресторанда өткізуіне және кортежге шығуына рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, педагогтарға сыйлық алуға оқушылар мен ата-аналардан қаржы жинауға қатаң тыйым салынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: