Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 кітапханасы 285 дана жаңа кітаппен толықты. Әдеби кітаптарды Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы тарту етті, деп хабарлайды ҚАЖ департаменті.
Мекемеде бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбиелік мәні бар шаралар жүйелі жүргізіледі. Тәрбиелік ықпал ету жұмыстарының бір бағыты ретінде сотталған азаматтардың білім және рухани деңгейін арттыру қарастырылған. Мекемеде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс істейді. Қорда 1500-ге жуық кітап бар. Жазасын өтеушілер ішкі күн тәртібіне сәйкес мекеме кітапханасынан қажетті кітаптарды оқи алады. Оның ішінде қазақтың ақын-жазушыларының, орыстың классик жазушыларының роман- повестері бар. Кітап оқитын сотталғандардың саны артып келеді. Кітап оқу ой-өрісіңді дамытып, өзіңді тануға көмектесетін дүние. Сондықтан кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жаңалау мекеме әкімшілігінің назарында,- дейді жасақ бастығы әділет капитаны Сұлтан Айғара.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!