Жексенбі, 24 қараша, 13:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Физика жалықтыратын пән емес

04.04.2023

1178 0

Физиканы көбінесі жалықтыратын пән, деп санайтындар бар. Бірақ бұл пән ең қызықты ғылым екеніне барлығы келіседі. Өйткені өмір дәл осы ғылымның арқасында өріліп жатыр. Бұл сабақты тек мәселелерді шешу жағынан ғана емес, сонымен қатар формулаларды құрудан да қарастыруға болады. Физика, сондай-ақ, адам өмір сүретін Әлемді де зерттейді, сондықтан осы Әлемнің ережелерін білмей өмір сүру қызықсыз болар еді.

Физика дегенде көз алдыңызға сізді қоршаған табиғат елестейтіні заңдылық. Себебі физика ғылымы табиғатты, әлемді, жаһанды зерттейді. Қазіргі ғылымдардың ішінде ең дамығаны да осы физика. Адамдар осы күні техника-технологиялық құрылғыларға тәуелді. Ал бұл дегеніңіз, яғни қолыңыздағы ұялы телефоннан бастап компьютер, күллі техниканың барлығы физика заңдарына негізделіп жасалған.

Физика пәнің қызықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Әдістемелік оқу құралы оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы, сенімді болуды қалыптастырады. Осының арқасында оқушылар көшбасшылыққа ұмтылып, таланттарын айқындайды.

Иә, физика – сөз жоқ, тәжірибелік ғылым. Оның заңдары тәжірибемен дәлелденген, нақты фактіге негізделген. Физикалық заңдар сан жүзіндегі қатынастар болып табылады да, математикалық тілде тұжырымдалады. Осы ретте ұстаздар оқушының математикалық қабілетін ашуға да сеп болады. Сондай-ақ, физика қазақы тәлім-тәрбиеде, тұрмыста көптеп кездеседі. Мәселен, «Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен». Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді. Ал «Нан піскенше күлше күйеді», деген сөз, неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нанды салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек. (Меншікті жылу сыйымдылығы).

«Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды» демекші, ертеде біздің ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде, киіз үйлерде тұрған, киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын, таза ауа кіргізгенде, оны түндік деп атаған. Сонымен қатар, «Көсеу ұзын болса, қол күймейді», (жылу өткізгіштік), «Қол жұмылмай, жылынбайды» (жылу берілу) деп те мазмұндаған.

Әңгімеміздің қорытындысында «Физика – тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай-ақ адамзат ойының түкпіріне жол» – деген екен неміс физик-теоретигі, 1954 жылы кванттық физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Макс Борн.

Қуанышова Қазына Серікқызы,

Мардан Байділдаев атындағы

№232 орта мектептің физика пәні мұғалімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: