Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 17:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Мен таңдаған мамандық»

12.04.2023

988 0

Мектепті бітірер түлектің өміріндегі басты жауапты қадам – мамандық таңдау. Көптеген әртүрлі, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын мамандықтардың ішінде адам өзіне ұнайтын мамандықты таңдайды. Таңдаған мамандығы әр адамның өмірге деген қызығушылығын оятып, жаңа өмірге аяқ бастырады. Менде 9-шы сыныпты бітірер шағымда қандай мамандық таңдаймын деп біраз ойланған болатынмын. Мені балабақшадағы балалар өмірі қызықтыратын. Үнемі балабақшадан інім мен сіңлімді алып кетер кезде балалармен уақытын қызықты өткізіп жатырған тәрбиешілерге таңданып, қызыға қарайтынмын. Міне, мен Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің тәрбиеші мамандығына осы қызығушылығымның арқасында түстім деп ойлаймын.

Тәрбиеші бейімділігі, дарындылығы көбінесе балалардың тағдырын шешеді. Алдымызға келген балалар — біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жар дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жар дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.

Колледжіміздің «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің меңгерушісі Назарова Сағидат апайымыз бізді үнемі өз мамандығымызға шабыттандырып отырады. Педагог дегеніміз – бұл мамандықты игеріп, диплом алған адам емес, барлық қиындықтарға қарамастан, өзінің бүкіл өмірін жаңа ұрпақ тәрбиесі мен біліміне арнаған адам. Иә, өмірде әр түрлі мамандықтар бар, олардың әрқайсысы өзінше маңызды және қызықты. Бірақ педагогика – бұл ерекше қызмет. Мұнда тек білім жеткіліксіз болады, бұл қызмет тынымсыз еңбекті талап етеді.

«Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал деп білемін.

Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз тәрбиешілердің еншісінде.

Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.

Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Балалар — өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Әрбір үйдің болашағынан үміт күттіретін санасына білім,

Сондықтан таңдаған мамандығыма еш өкінбеймін. Өйткені жүрек қалауымен таңдаған мамандығым.

Дильназ Еркінқызы,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық

жоғары колледжінің 3-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: