«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Орталық Азиядағы алғашқы мектеп психологтері қауымдастығын құрды.
Қауымдастықтың құрылуы білім беру жүйесінде психологиялық қызметті дамытуға деген сұраныстың артуымен байланысты. Оның негізгі міндеті – кәсіби бірлігін күшейтіп, бірыңғай жұмыс стандарттарын қалыптастыру және оқушыларды психологиялық қолдаудың ғылыми негізделген тәжірибелерін енгізу. Бұл тәжірибелер оқушылардың психологиялық әл-ауқатын арттыруға, тәуекелдерді ерте анықтауға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Қауымдастық мамандардың кәсіби тәжірибе алмасуына және біліктілігін арттыруына арналған тиімді алаңға айналмақ. Қатысушыларға Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде әзірленген әдістемелік материалдар мен үздік тәжірибелер, сондай-ақ кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған ресурстар қолжетімді болады.

Сондай-ақ бастама аясында психологтердің өздерін қолдауға да ерекше назар аударылады, яғни кәсіби күйзелістің алдын алуға және жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған топтық және жеке супервизиялар қарастырылған. Ұсынылатын мамандар тізілімін қалыптастыру көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға және білім беру ұйымдары мен ата-аналар тарапынан сенім деңгейін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
