Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Өскенбай Көзбеков атындағы әдебиет теориясы дәрісханасы ашылды

20.01.2023

640 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде  профессор, филология ғылымдарының кандидаты Өскенбай Көзбеков атындағы дәрісхананың ашылу салтанаты өтті. Бұл – соңғы үш жылда демеушілер есебінен ашылған он төртінші дәрісхана.

Жиында Басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімова ғалымның еліміздегі білім мен ғылым саласына қосқан еңбегін атап, университеттің стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін Өскенбай Арысбайұлының ұлы Ерсұлтан Өскенбайұлын «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапаттады.

Тұсаукесер салтанатында лента қию рәсімі университет ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы мен профессор Жеңіс Сәдуақасұлына берілді.

Салтанатты шарада ғалымның шығармашылығы мен естеліктері баяндалды. Басқосуға Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті Асқар Әбдуәлиұлы, облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Қуантқанұлы, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының ғалымдары Жеңіс Сәдуақасұлы, Ұлжан Нахатқызы, Сара Тамшыбайқызы, Ғабит Әнешұлы, зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар мен білім алушылар, ғалымның отбасы, достары және шәкірттері қатысты.

Жаңа дәрісхана әдебиеттану теориясына арналған. Дәрісхана интерактивті тақтамен қамтылған, онда еліміздегі ғалымдардың Өскенбай Көзбеков туралы ең үздік лекциялары жинақталды. Мұндағы барлық көрнекілік білім алушыларға замануи білім беруге негізделген, – деді «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов.

Өскенбай Көзбеков еңбек жолын 1991-1992 оқу жылында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушылық қызметтен бастаған. Ұстаздық қызметін ғылыммен байланыстырып, 1998 жылы «О.Бөкеев прозасының поэтикасы» тақырыбында қазақ әдебиеті мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

 Профессор әдебиетті оқыту әдістемесі мәселелерімен де айналысып, «Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірлеген. Сонымен қатар, «Орыс әдебиетінің тарихы» атты типтік оқу бағдарламасын құрастырды. Өскенбай Арыстбайұлы – 30-дан астам ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.

Қорқыт ата атындағы   Қызылорда

университетінің медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: