Жұма, 27 желтоқсан, 00:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Студент 11 жылға сотталды

23.09.2024

314 0

Фото: polisia.kz

Студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қостанайда Спорт факультетінде оқитын, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Полиция облыс орталығының түкпір-түкпірінде есірткі таратумен айналысқан екі адамды ұстаған болатын. Олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-курсында оқыған.

Күдіктілердің жалдамалы пәтерін тінту кезінде 4 келіден аса синтетикалық есірткі, яғни а-PVP тәркіленді. Сонымен қатар электрондв таразылар, 240 мини магнит, электр таспа, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылған. 

«Алынған партияның құны қара нарықта шамамен 100 миллион теңге болады. Полицейлер айналымға 15 мыңнан аса дозаның жіберілуіне жол бермеді. Есірткіні аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен екеуіне де 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: