Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Студент үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің формуласын ойлап тапты

13.10.2022

973 0

Sputnik. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ІІ курс студенті үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің жаңа формуласын ойлап тапты, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Бек Мұсабековтың математика саласына қызығушылығы мектеп қабырғасында оянған. Талантты жас квадрат және куб әдістерімен формулаларды 9-шы сыныпта алғаш рет ойлап тапты.

Бүгінде жас ғалымның қоржынында 33 түрлі формула бар. Дарынды студент алдағы уақытта өз еңбегін патенттеп, шәкірт тәрбиелеуді армандайды. «Түбір астынан жуықтап табу» амалын баған және квадрат арқылы шешу де – оның мектептегі еңбегінің жемісі. Нақты ғылымға қызыққан студент ізденімпаздығының арқасында үлкен сандарды калькулятордың көмегінсіз есептеуге болатын формула жасап шығарды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: