Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 ақпанда хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Конвенция аталған өңірдегі жоғары білім беру саласында біліктіліктерді бағалау және танудың бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға арналған құрал болып есептеледі. Токио конвенциясын ратификациялау Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану жөніндегі Токио конвенциясына қатысушы елдердің ұлттық ақпараттық орталықтарының Азия-Тынық мұхиты желісіне қосылуды көздейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
