Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қызылорда облысында су тапшылығы жағдайында мал азықтық дақылдары мен ағаш екпелерін суару үшін сарқынды суларды қауіпсіз утилизациялау технологиясын әзірлеу» жобасы аясында оқыту семинары өтті.
Жиынға облыстағы су шаруашылығы саласындағы білікті мамандар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда «Су ресурстарын тиімді пайдалануда кешенді технологиялар жиынтығын қолдану мүмкіншіліктері», «Күріш қабығын термиялық өңдеу арқылы белсендірілген көмірді алу және кәріз ағындарын тазарту үшін қолдану», «Жаңартылатын энергия көздерін ауыл шаруашылығында қолдану технологиялары» және «Ауыл шаруашылығындағы ұшқышсыз ұшу аппараттары» тақырыбында баяндамалар жасалды.
Айта кетейік, іс-шара «Таза Қазақстан» жобасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Жоба аясында ұсынылған технологиялар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті сақтау және ауыл шаруашылығында жаңартылатын энергия көздерін қолдану бойынша жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл тек облыс үшін ғана емес, жалпы Қазақстанның экологиялық және ауыл шаруашылығы салалары үшін үлкен маңызға ие.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!