Жұма, 22 қараша, 22:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сыңғырла, алғашқы қоңырау!

02.09.2023

354 0

Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде 1 қыркүйек білім күніне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов қатысып, жаңа оқу жылымен құттықтады.

– Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді 1 қыркүйек білім күнімен құттықтаймын. Бұл ерекше күн барша оқушылар үшін, соның ішінде бірінші сынып оқушыларына айырықша мереке. Биыл қаламызда 7600 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап отыр. Осы салтанатты күні әліппені қолдарына алатын бірінші сынып оқушыларын шын жүректен құттықтағым келеді. Бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық тілеп, зерек әрі алғыр болуға шақырамын. Соңғы бір жыл ішінде қаладағы білім саласына бағытталған қаржы көлемі 57 млрд 360 млн теңгеге жетті. Нәтижесінде саладағы ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асырудамыз.
Құрметті ұстаздар, сала ардагерлері, сіздер сапалы білім, саналы тәрбие берген бәсекеге қабілетті балаларымыз тәуелсіз еліміздің, Сыр өңірінің атын әлемге таныта берсін. Жаңа Қазақстанның шамшырағын жағатын жас ұрпақтың жолы – ашық, мақсаты – айқын, қадамы – нық болсын. Әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін, – деді қала әкімі.
Айта кетейік, бұл білім ордасында 230 педагог бар. Оның 96-сы педагог-зерттеуші, 71-і педагог-сарапшы, 63-і педагог-модератор. Мектеп-лицейде университет профессорларымен бірлескен кіші ғылыми академия құрылған. Онда 3 ғылым докторы, 18 магистр, 1 ғылым кандидаты оқушылардың ғылыммен байланысын шыңдайды.
Өткен оқу жылының қорытындысында 8 оқушы «Алтын белгіге», 3 оқу¬шы үздік аттестатқа қол жеткізген. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 105 оқу¬шы қатысып, 70 түлек мемлекеттік грант иегері атанған. Жаңа оқу жылында 230 шәкірт мектеп табалдырығын аттап отыр.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: