Жұма, 27 желтоқсан, 01:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сыр елінде 1 жылда 6 мектеп пайдалануға берілді

10.06.2021

1378 0

Қызылорда өңірінде мектеп салу қарқыны бәсеңдеген емес. 2021 жылы 6 білім беру ұйымы пайдалануға беріледі, оның ішінде инвесторлармен бірге 300 және 500 орындық 2 жеке мектептің іргетасы қаланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндады.

«Білім беру саласында апатты жағдайдағы мектептерді жою жұмыстары жалғасуда. 2020 жылы бізде 3 апатты жағдайдағы мектеп болды, біз 140 орындық бір мектепті пайдалануға бердік, тағы екеуінің құрылысы биыл аяқталады. Мұнан бөлек, 550 орынға арналған үш қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен бірге өңірде 3750 орындық тағы 5 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Ал, 47 балабақша мен 44 мектепте арнайы инклюзивті сыныптар ашылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: