Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сыр өңірінде 40-тан астам әлеуметтік нысан бой көтермек

03.04.2023

748 0

Биыл Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында ондаған әлеуметтік нысан салынбақ. Бұл туралы VІІІ шақырылымдағы облыстық мәслихат сессиясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.
– Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары облыста 27 денсаулық сақтау нысаны бой көтереді. Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көп бейінді аурухананың құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны – 36,4 млрд. теңге», – деді аймақ басшысы.
Мұнан бөлек, облыс орталығында 200 төсектік жаңа перинаталдық орталық салынады.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы
3 жылда облыста 15 100 орынға арналған, құны 100 млрд. теңгеден асатын 21 мектеп бой көтермек. Биыл 10 мектептің құрылысы басталады.
Өткен жылдың желтоқсан айында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде аймақтың өзекті мәселелері көтерілген еді. Сол жолы Қызылорда қаласында дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатын салу Білімді қолдау қоры қаражаты есебінен қаржыландырылатын болып шешім тапты, бүгінде құрылыс басталды. Жобаның жалпы құны – 7,9 млрд. теңге.
Үкімет басшысының алдында көтерілген тағы бір мәселе – сол жағалаудағы көпсалалы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы. Жергілікті бюджет есебінен жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба құны 6,9 млрд.теңге, құрылысы биыл басталады.
Өңірде өзге де әлеуметтік нысандар салынуда. Атап айтқанда, құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын Неке сарайы тамыз айында пайдалануға берілмек. Жалпы құны 3,7 млрд. теңге болатын 1000 орындық Өнер орталығы желтоқсан айында, ал, сол жағалаудағы құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын Қан орталығы 2024 жылы іске қосылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: