Жексенбі, 29 желтоқсан, 01:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Сыр шуағы» бөлеген нұр шуағы

03.06.2024

570 0

Бала – еліміздің ертеңі. Болашақтың қандай болатынын қаласақ, балаларды сол бағытқа тәрбиелеуіміз керек. Иә, осындай ұлттық ұстаным аймақтағы алдыңғы қатарлы бөбекжайлардың бірі – «Сыр шуағы» балабақшасының басты бағытына айналған. Бөбекжай ұжымы 1 маусым – Халықаралық балалар күнін де жоғары деңгейде атап өтті.

– Балабақша 2016 жылы ашылған. Сыйымдылығы 12 топ, 280 балаға арналған. Қазіргі таңда 36 педагог жұмыс істейді. Педагогтардың барлығының біліктілік санаты жоғарғы деңгейде, әр жыл сайын арнайы курстардан өтіп тұрады. 2021 жылы 16 наурыздан бастап, Қызылорда облыстық білім басқармасының №46 бұйрығы бойынша «IT балабақша» жобада жұмыс істеп келеміз, – дейді балабақша меңгерушісі Майра Күнхожаева.

Балабақшаның жылдық қаржылық қаржысынан үнемделіп, жаңа инновациялық технологиялар әр топқа еңгізілген. Әрбір топта лэд панель, интерактивті тақта мен проектор бар.

– Әдепкі уақытта осы заттарды алған едік. Балаларымыздың қызығушылығы артқан соң ересек топпен мектеп алды топтарымызды 8 лэд панельмен жабдықтадық. Қазірде 30 планшет пен 30 ноутбук бар. Ноутбукта «BilimKids», «Bilimland», «iMektep» бағдарламаcы енгізілген. Былтырғы 2023 жылғы үнемделген қаржымыздың балабақшамызға интерактивті еден мен лэд экран алдық. Лэд экранды орнатқан себебіміз, жазғы сауықтыру басталғандықтан күн тәртібі бойынша балалар 12:00 ге дейін далада болуы қажет. Бірақ қаламыздың ауа-райының қолайсыз ыстық болғанына байланысты 10:00-де балаларды ішке кіргізіп, акт залында лэд экран арқылы тарихи, мәдени, ұлттық ертегілерімізді бойына сіңіреді. Робот досымыз Самбот таңертең балаларды қарсы алады. Балалардың қызығушылығы IT бағытта жақсы дамыған. Соның нәтижесінде 2022 жылы Қызылорда облысы бойынша ұйымдастырылған «Мені қызықтырған IT әлемі» жобасында біз І орынды жеңіп алдық. Бала өз қиялындағы балабақшаның макетін жасады. Біз болашақта балаларымыздың өнертапқыш болуын қаласақ, әлемдік деңгейде қадамдар жасайтын мықты, әрі талантты болуын тілесек, осындай бағыттар бойынша жұмыс істеп, олардың қиялын дамытуымыз керек, – дейді Майра Алашбайқызы. 

Мақтаулы тәлім ошағы республика бойынша ҚР оқу ағарту министрлігінің бұйрығыменен 79 құзыретті балабақшаның тізіміне енгізілді. Балаларды ерте дамыту институты республика бойынша делегация өтіп, тәжірибе алмасқан тәрбиешілер өздерінің біліктіліктерін арттырып жүр. Бүгінде аталған ұжымға ата-аналар да риза.

Аида АМАНЖОЛ,

Айша ӨМІРЗАҚОВА,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің студенттері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: