Жұма, 27 желтоқсан, 03:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сырбойылық ұстаздар XXX Еуропалық ECER конференциясында зерттеу жұмыстарын таныстырды

04.09.2024

491 0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кураторы Малика Искакова және физика пәнінің мұғалімдері Абзал Іскендір мен Еркін Жомартов Кипрдің Никосия қаласында Кипр университетінде өткен XXX ECER-2024 халықаралық конференциясына қатысты.

Әлемнің 75 елінен қатысқан 3000 жуық мектеп мұғалі мен университет профессоры білім берудің өзекті мәселелері төңірегінде жасаған зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

Оқушылардың академиялық білім көрсеткішінің төмендеу факторларын анықтап, оны жақсартудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынған Малика Маратқызы ата-анамен байланыс орнату баланың білім алуына ықпалы туралы тұжырымдар жасады. Осы ретте Финляндияның Хельси университетінің профессоры Аули Тум Қазақстанда зияткерлік мектептерде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктеріне қызығушылық танытып, оң бағасын берді.

Абзал Іскендір мен Еркін Жомартов «Проблемалық оқыту жағдайында физика сабағында эвристикалық оқыту әдісін қолдану» тақырыбында педагогикалық ізденістерімен бөлісті. Яғни, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуда проблемалық оқыту моделін пайдалану артықшылықтарын көрсетті.

Сондай-ақ, конференцияда инклюзивті білім беру, оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану, кәсіптік білім беру мен дамыту, оқушылардың әл-ауқатын арттыру, білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану сынды бағыттар спикерлердің баяндамасында көрініс тапты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: