Бейсенбі, 03 шiлде, 06:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Сырбойылық зияткерлер My Extra Case Competition байқауында II орын иеленді

02.07.2025

92 0

Қызылордадағы NIS оқушылары – Аяжан Төребек, Қымбат Қожасова, Рамазан Аққали, Аруай Ібайдулла және Бақдәулет Ібайдулла My Extra Case Competition республикалық кейс-чемпионатында II орын иеленді. Жеңімпаздар 300 000 теңгелік сертификатқа ие болып, Almaty University of Power Engineering and Telecommunication (Energo University) жоғары оқу орнына білім гранттарын жеңіп алды.

Зияткерлерлердің жобасы Me Extra Lab University-дің нарықтағы орны мен танымалдығын арттыруға бағытталған маркетингтік стратегиялық әзірлеуге бағытталған. Команда нақты талдау мен шешу жолдарын ұсынды. Оқушыларға жетекшілік еткен — жаһандық перспективалар және жобалық жұмыстар пәнінің мұғалімі Серік Жайырбаев.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 450 команда қатысып, олардың арасынан тек тоғыз команда ғана финалға өтті. Қорытынды кезеңде Қарағанды, Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Орал, Атырау, Семей және Щучинск қалаларынан келген үздік командалар бизнес, қоғам және қаржы салаларындағы өзекті мәселелерге арналған жобаларын қорғап шықты.

Сырбойылық зияткерлер My Extra Case Competition байқауында II орын иеленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: