Бейсенбі, 21 қараша, 23:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сырбойылық зияткерлер олимпиада жүлдегері атанды

20.02.2023

615 0

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңінің қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы NIS-тің 8 оқушысы жүлдегер атанды.

Еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 500-ден астам оқушысы сынға түскен додада сырбойылық 34 зияткер бақ сынасты. Жас дарындылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндерден білімдерін сарапқа салып, үздік орындарға таласты.

Ілияс Бөрібай аталмыш байқауда химияның мықтыларымен сайысты:

– Бұл олимпиаданың екінші жыл қатарынан қатысушысы болып келемін. Жылдан жылға пәнге деген қызығушылығым артып келеді. Химия өзінің алуантүрлілігімен ұнайды. Бір атомның орнын алмастыру арқылы заттың қасиеті өзгере шығатын құбылыстарды зерттеу қызық.

Ал Жібек Кучербаева олимпиаданың желілік кезеңіне дайындық барысында Конституцияны толық меңгергенін мойындады. Биыл Жібек құқық негіздері бойынша бақ сынауға шешім қабылдады және жинаған білімі оған тек олимпиадада ғана емес, болашақта да пайдалы болатынына сенімді:

– Өткен жылдары биология, химия және математика пәндерінен олимпиадаларға қатыстым. Білім беру бәйгелері ой-өріс пен көкжиекті кеңейтіп, жаңа дағдыларды игеруге көмектесетініне көз жеткіздім.
Бұл сайыста Жібек Кучербаева (жетекшісі Нұркен Абджалиев) жоғары білім көрсетіп, екінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Санжар Наят (жетекшісі Гүлнұр Беимбетова) биологиядан және Алмас Аскербаев (София Тобылбаева) физикадан сайысқа түсіп, үшінші орынды иеленді. Биологиядан мықтылығын дәлелдеген Әділхан Жантурин (жетекшісі Сәуле Шажанбаева) жүлдегерлер тұғырының екінші сатысына көтерілді. Ал қазақ тілі білгірлері арасында Үміт Сұлтанаева (жетекшісі Гүлзат Шынтасова) мен Айя Сердалы (жетекшісі Гаухар Мананбай) және орыс тілінен Сая Ибайдулла (жетекшісі Жанар Омарова) оза шауып, жүлделі екінші орынмен марапатталды. Ағылшын тілі секциясында да өрендеріміз ерекшеленіп, Інжу Нұрсейіт (жетекшісі Айнұр Бекеева) үшінші орынды қанжығалады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: