Дүние тез өзгеріп, жылдам даму үстінде.Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесінде әртүрлі ой-пікірлер тудыратын өзгерістерді қайта қарау қажеттігін көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған
сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және
күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой -өрісін байыту», – деп атап көрсетілген. Осы Заңда көрсетілген міндетті жүзеге асыру мұғалімдер алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті, оқытудың жаңа формасымен, әдіс –тәсілдерін тиімді пайдалануды міндеттейді.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы инновациялық технология негіздері болып табылады. Білім беру мекемелеріндегі оқыту жүйесінің де басты мақсаты- өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға адамгершілік тұрғыда өз бетінше шешім таба алатын қабілетті шығармашылық тұлға қалыптастыру және талантты, дарынды балаларды анықтап, қолдау болып табылады. Мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларды шығармашылыққа баулу сонымен бірге оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға әрекет етеді. Мектеп оқушысының бойында жасырын жатқан қасиеттерінің бірі, өмір сүруге тікелей әсер етуші қасиеттерінің бірі – шығармашылық әрі дарындылық, таланттылық қабілеті. Мектеп мұғалімінің басты міндеті осы дарынды оқушыны анықтап қана қоймай, оқушылардың бойындағы қабілеттілікті дамыту. Осыған орай, дарынды әрі талантты білім алушылармен жұмыс ауқымын кеңейту, жұмыс жүйесін үйлестіру, тиімді стратегиялар мен инновациялық технологияларды қолдану біздің тақырыбымыздың көкейтестілігі бола алады.
Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде. Білім – адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді.
Кез келген мұғалімнің алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқушыны оқу үдерісіне қатысатындай етіп қызықтырып, қолдау көрсету болып табылады. Білім алушылар оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігіненуәжделуітиіс.Бұғаноқудымүмкіндігіншебелсенді,күрделі,қызықты, маңызды ету арқылы қол жеткізугеболады. Сол себепті де сындарлы оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың жаңа білімді алдыңғы білімдерімен ұштастыра игеруін көздейтін тұжырымдама негізінде жұмыс жасау қажет. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер олескерілмесе, ондабілімтереңгебармай,үстіртмеңгерілгентаязбілімболмақ.Мұндайүстіртбілімоқушыға қазіргіәлемдежетістіккежетуд е, алған білімді қолдануына кері әсерін тигізеді
Әрбір пән мұғалімі өз пәні бойынша дарынды оқушыны анықтап, білім алушының жетістіктер формуласын еселеу арқылы білім ордасының, білім беру мекемелерінің қызметінің сапасын арттырып, рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге қол жеткізе алады. Әр баланың қабілетіне қарай, интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелерді шешуге талпыну, дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Өз тәжірибемде
сыныптағы ең үздік оқушыларды анықтауда ғалым-зерттеуші Фриман ұсынған сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады:
-есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
-өз білімін жетілдіру: олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;
-ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асыра алады;
-мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
-икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, олар оқуда және проблема шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
-күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;
-шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;
-ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды Осы белгілерді анықтау оқу үдерісі барысында білім алушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді. Орта мектептің оқушысы бір ғана нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндерде көзге түспеуі мүмкін немесе бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін.Сонымен қатар, олар бір салада дарынды болса,басқа салада қиындыққа тап болы мүмкін, олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Күнделікті сабақ барысында дарынды және талантты білім алушыларға білім арттыруда кеңейтілген тапсырмалар ұсынуды қолдаймын. Аталған тапсырмалардың басты ерекшеліктері оқушыларға:
- Мектеп бағдарламасында міндетті пәндер бойынша білім мен дағдыларды
дамытуға;
- Тақырыптардың мұқият зерттелуін ынталандыруға;
- «Нағыз» құзыреттілігін қалыптастыруға;
- Бірқатар бастапқы және соңғы тақырыптар арасында байланыс орнатуға;
- Шешімдері алдын-ала анықталмаған тапсырмаларды зерделеуге;
- Қабілеттеріне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қолжетімділік;
- Қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан сыныптың жоғары деңгейлі ойлауына
негізделген оқу үдерісіне қатысуға;
- Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға;
- Жаттығулар орындау үшін шығармашылық тәсілдерді қолдануға;
- Таңдау элементтерінің көмегі арқылы өзін-өзі реттеуді қолдануға;
- Аса құштар және ынталы болуға;
- Олардың неге қол жеткізе алатынын көрсетуге мүмкіндік береді.
Білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыруда жоғарыда көрсетілген тапсырмалардың маңызы зор деп есептеймін.
Табысты оқыту барысында дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделін осылай жүйелесек, дарынды және талантты білім алушылармен сабақтан және сыныптан тыс жұмыстың бағыттары ретінде: сабақ жүзіндеқиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану, факультатив, үйірме жұмысы, уақытша топтарды жасау, өзіндік білімін көтеру,
пән апталықтарын өткізу, ғылыми-практикалық конференциялар, олимпиадалар, интеллектуалдық марафондарды ұсынамын.Аталған жұмыстарды жүргізу кезінде мына тәсілдердің нәтижелі екендігін жиі байқаймын: анкета, сұрақтар қою, әңгімелесу,
тестілеу, әдебиеттерді қарастыру, жобалау әдісі;алдын-алу әдісі, мәселе шешу әдісі, синквейн, бірлескен оқу, шығармашылық жазба жұмыстары, шағын мәтінмен жұмыс түрлері.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады: сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану, сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану, техникалық құралдарды тиімді қолдану, сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Сөзімді қорыта келе, қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурсы болуы мүмкін. Бәсекеге қабілетті ұрпақ – бізге болашақта адастырмас темірқазық болады деп білемін.
Маржан АКБАР,
Қ. Мұхамеджанов атындағы
№1 мектеп-гимназиясы директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!