Рысқалиев Нұрсұлтан Баймырзаұлы биыл Арал ауданына қарасты №220 орта мектебін үздік бітіріп, «Алтын белгі» иегері атанды.
Үздік шәкірт биология пәні бойынша республикалық олимпиада жүлдегері, бірнеше мәрте облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпазы болған.
Нұрсұлтан қатарластарынан оза шауып, ҰБТ-да 137 балл жинады.
Ол әке жолын қуып, өз болашағын медицина саласымен байланыстырғысы келеді.
Нұрсұлтанның биология, химия пәніне қызығушылығын оятқан пән мұғалімі Абатова Гүлбану мен сынып жетекшісі Әлібекова Гүлмира.
«Болашақта өзім қалаған медицина мамандығына түсіп, ақ халатты абзал жан атанғым келеді» дейді үздік шәкірт.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!