Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Талапкер үшін тағы бір мүмкіндік

31.07.2022

1309 0

Ұлттық бірыңғай тест нәтижесі бойынша мемлекеттік грант тізіміне іліне алмай қалған талапкерлер үшін мемлекет тағы бір үлкен мүмкіндік беріп отыр. «Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арналған білім гранты мен шәкіртақы тағайындау бойынша байқау жариялайды. Аталған грантқа өтінім беру 10-17 тамыз аралығында жүргізіледі.

– Алдағы 2022-2023 жаңа оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры екі бағытта білім беру гранттары мен шәкіртақы тағайындау бойынша шешім қабылдады. Бірінші бағыты – ақылы негізде оқитын білім алушыларға арналған грант. Бұл ретте қоғамдық қордың гранты мен шәкіртақы алу үшін студенттер 1-15 тамыз аралығында www.taiburyl.kz сайты арқылы онлайн өтінім бере алады. Екінші бағыт – биыл оқу орнына талапкер жастарға арналған грант. Жалпы бұл бағдарламаға мүмкіндігі шектеулі, мүгедектігі бар студенттер, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан және толық емес отбасыдан шыққан студенттер, І және ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан студенттер, ата-анасы немесе ата-анасының бірі І және ІІ топ мүгедектігі бар студенттер қатыса алады. Біз қазіргі таңда уни­верситет жанынан комиссия құрдық. Онда 13 адам жұмыс істейді, –  деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Жандос Базартаев.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Марат Абжаевтың сөзіне сүйенсек, мемлекеттік білім грантына түсе алмаған талапкер «Қазақстан халқына» қорының грантына құжат тапсыруына мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта универ­ситеттің қабылдау комиссиясы құжатқа өтінім беру туралы үміткерлерге түсін­дірме жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде мемлекеттік білім грантының конкурсына өтініш қабылдау аяқталды. Қазіргі уақытта республикалық комиссия қарауында.

Айта кетейік, бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының qazaqstanhalqyna.kz немесе taiburyl.kz сайтынан білуге болады.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: