Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Танымал ақын еліміздегі білім саласына көңілі толмайтынын айтты

08.07.2024

540 0

Сурет:instagram.com/bakytbedelkhan

Ақын Бақыт Беделхан Дулат Тастекейге берген сұхбатында елімізде дәстүрлі мектептерді дамытуды қолға алу керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ақын елімізде дәстүрлі мектептерді дамыту керегін айтты.

«Мысалы, 10 мың баланы дәстүрлі мектепте оқытса, заманауи форматта әлем ғылымын меңгере алатын және өз ұлтын сақтап қала алатындай, намыстана алатындай ұрпақ тәрбиеленсе, 10 мың баланың өзі жетеді. Сол 10 мың бала бір адамның атқарып отырған жұмысын мың есе жеңілдетеді. Сол 10 мың бала алдын да, артын да оқытып, көппен алып кетеді. Дәстүрлі мектепті дүркірету керек», – дейді Бақыт Беделхан.

Ақын еліміздегі білім саласына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Бірақ бізде болмай жатыр. Жер бетінде 30 жылда 17 білім министрі ауысқан бірде-бір мемлекет жоқ. Білім жүйелі болмай, қоғамның жүйкесі таза болмайды. Сондықтан да білім мәселесін балабақша, бастауыштан, мектептен бастау керек. Одан кейінгісін әлемдік дүниеге тастау керек. Одан кейін баланың санасы да алып кете алады, білім-парасаты да жетеді. Ал біз балабақшадан ағылшын тілін, орыс тілін кіргіземіз, бастауышта үш тілді оқы дейміз. Не оқып жатырғанын өздері білмейді. Мен «5»-ке оқыған адаммын, бірақ бастауыштың сабағын түсінбеймін»,  – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: