Дүйсенбі, 24 ақпан, 18:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қорының өкілдерімен алдағы жоспарлар талқыланды

24.02.2025

57 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу өтті.


Жиынға Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бөрібаева, Т.Жүргенов қорының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Шәймағамбетов, қор мүшелері Мұхит Төребаев, Артур Камал және ғылым департаментінің директоры Наргүл Сақтағанова қатысты. Кездесу барысында қор өкілдері университеттің ғылыми кітапханасына Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай жарыққа шыққан кітапты тарту етті.
Қоғамдық қор – Темірбек Жүргеновтің өмірі мен шығармашылығын насихаттауға, оның мұрасын зерттеуге және дамытуға бағытталған.


“Темірбек Жүргеновтің тарихтағы орны айрықша. Өз кезеңінде қазақ халқының мәдениетін дамыту мен ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруда айтарлықтай еңбек сіңірді. Алдағы уақытта қормен бірлесіп ғылыми конференциялар, зерттеу жұмыстары, өнер мен білім саласында атқарылатын іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланды”, – деді ғылым департаментінің директоры Наргүл Сақтағанова.


Айта кетейік, қор жастардың жоғары білім алуына және шығармашылық дамуына да қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда оқу орнында қордың демеушілігімен бір студент білім алуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: