Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми кеңесінің шешімімен Қажы Байрам Уәли (Анкара қ.) университетінің профессоры, философия докторы Хулия Касапоглу Ченгелге университеттің «Құрметті профессоры» атағы берілді.
Ғылыми кеңесте Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова түркі халықтарының тілдерін, Алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттеуде ғалымның еңбегі елеулі екенін атап өтті.
Түркі тілдерінің мәселелері мен көне жазба ескерткіштерді оқу, оларды тәржімалау ісінің білікті маманы білім алушыларға «Түркі тілдерінің тарихы» пәні бойынша және профессор-оқытушылар мен докторанттарға «Ғылыми зерттеудің әдіснамасы» тақырыбында бір ай бойы дәріс жүргізді. Сонымен қатар университетте «Академиялық жазылым: халықаралық тәжірибемен алмасу» тақырыбында ғылыми семинар мен дөңгелек үстел өткізіледі.
Ғалым Орхон-Енисей, шағатай тілдерінде жазылған көне қолжазбалармен жұмыс жасау техникалары, оларды ғылыми айналымға енгізу тәсілдерін үйрету және басқа да бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесімен бөлісуде.
Профессор Хулия Касапоглу Ченгел түркі халықтарының тілдері, Алаш қайраткерлерінің мұрасы туралы зерттеулермен айналысады.
Ғалымның 100-ден астам ғылыми мақаласы халықаралық басылымдар мен конференция жинақтарына енген.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
университетінің медиа орталығы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!